31 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Прокурорлар соттағы сөзін дайындауға ЖИ технологиясын қолданбақ
Бас прокуратура 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады. Прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелері белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында айтты.