16 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
Әр мемқызметшіге еш себепсіз 1 млн теңгеден сыйақы берген
Степногор қаласының прокуратурасы мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеу фактісін анықтады.Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрі бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйақы бергені анықталды. Мысалы, тек 3 айдың ішінде мекеме 6,6 млн теңге сомасына 6 қызметкерге негізсіз сыйақы берген. Әр қызметкердің сыйақы мөлшері 1 млн теңгеден асады.