9 сәуір 2024
/ Новости Казахстана
Алматы облысында 35 үйдің ауласына су кірген
Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов облыста су тасқынының алдын алу үшін қандай шаралар атқарылғанын айтып берді. лматы облысында 310 гидротехникалық құрылыс бар. Атап айтқанда, «Қапшағай», «Күрті», «Бартоғай» және «Бестөбе» сияқты су қоймалары бар. Бүгінде су толтыру режимдері штатты түрде жүргізілуде. Толтыру көрсеткіштері 44 пайыздан 99 пайызға дейін жетеді. Барлығы бақылауда. жыл басынан бастап көктемге дейін елді мекендерден 3,7 мың м3 қар шығарылды. Одан бөлек, автожолдар астындағы 157 су өткізу құбыры, темір жолдар астындағы 7 құбыр, 347 шақырым арық желісі, 156,9 шақырым арна және 82,1 шақырым су бұру каналдары тазартылған.