2 шілде 2024
/ Новости Казахстана
1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған газ бағасы өсті
Бір тонна сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы 45 158 теңгені (бұрынғы бағасы — 40 320 теңге) құрады. Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге қарай литріне 5-8 теңгеге дейін шамалы өсті. Астанада және Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында – сұйытылған газ литрі 76 теңгеден 84 теңгеге өсті. Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облысы және Шымкент — 64 теңгеден 79 теңгеге, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – 54 теңгеден 59 теңгеге қымбаттады. Алматы қаласында, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 81 теңгеден 89 теңгеге өзгерген.