1 қараша 2024
/ Новости Казахстана
Қазақстандық облигацияларға сұраныс ұсыныстан 4 есе асып түсті
Лондонда өткен «Қазақстандық акциялар нарығы күні» панельдік пікірталасы кезінде сөйлеген сөзінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті. Қазақстанның әлемдік қор индекстеріндегі позициясын нығайту және инвесторларды тарту мақсатында KASE қор биржасы Deutsche Bank және Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен британдық аудиторияға қазақстандық капитал нарығына кірудің артықшылықтарын ұсынды.