Новости: Светлана Жақыпова

Светлана Жақыпова - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Светлана Жақыпова】 жаңалықтар Arbat media
10 мың әлеуметтік қызметкердің бейінді мамандығы жоқ
2 қараша 2024 / Новости Казахстана

10 мың әлеуметтік қызметкердің бейінді мамандығы жоқ

2025 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтар лицензиялаудан өтеді, дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова. «Елімізде 732 мыңнан астам мүгедек адам бар. Оның 201 мыңы зейнет жасындағы адамдар, шамамен 112 мыңы - 18 жасқа дейінгі балалар. Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жамбыл облыстарында 41 мыңнан 101 мыңға дейін мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бүгінгі күнгі басты мәселе – әлеуметтік қызметтердің сапасы. Сапаны қалай көтеру керек, мүгедектігі бар адамдарға қандай жағдай жасау қажет деген мәселелерге байланысты жұмысымызға өзгерістер енгіздік. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, әлеуметтік қызметтер лицензиялаудан өтеді», - деді министр. 

Елімізде кадр қажеттілігін онлайн түрде болжамақ
15 қазан 2024 / Новости Казахстана

Елімізде кадр қажеттілігін онлайн түрде болжамақ

Кадр қажеттілігін онлайн түрде болжамақ. Инновациялық жоба навигаторы туралы еңбек министрі Светлана Жақыпова айтты. Қазақстанда кадрлар қажеттілігін талдау және болжау, сондай-ақ жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігін бақылау үшін әзірленген Инновациялық жоба навигаторы құрылды. 

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін
25 маусым 2024 / Новости Казахстана

Қазақстанда зейнетақы жинағын ерте шешіп алу тоқтатылуы мүмкін

Елімізде кейбір сарапшылар зейнетақы қорындағы жинақты ерте шешіп алуды тоқтатуды ұсынды. Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Светлана Жақыпова пікір білдірді.