26 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Шыңғыз хан ата жұртына оралды...
Қазақ халқының тарихы түгенделмеген, үзік-үзік, тіптен бір парасы өзгелер әңгімелеген шала-шарпы түсініктерден құралған. Оның басты себебі, қазақ тарихы ниеттері бөтен, әркімнің қолында кетті. Күні кеше Кенесары хан туралы шындықты айтқан, ғылыми зерттеу жасаған тарихшы Ермұхан Бекмаханов жазаланды, сотталды. Алаш азаматтарының тарихи жазбалары шаң басып, архивте жатты. Хандар, сұлтандар, хазіреттер туралы жазылғандар жария болмады. Кеңес заманында «маман» деген тарихшыларымыз мардымсыз тақырыптармен шұғылданып, тарих ғылымдарының кандидаттары, докторлары атанды. Оған кінәлі тарихшылар емес, заманның ғылымға деген талабы солай болды.