24 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Алматыда 133 мыңнан астам оқушы тегін тамақтанады
Жаңа оқу жылында Алматының 133 мыңнан астам оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың айтуынша, оқушылардың тамағына жергілікті бюджеттен 16,5 млрд теңге бөлінді. «Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін тамақтану тегін болады, бұл жерде 1-11 сынып оқушылары қамтылады», - деді Әсем Нүсіпова.