26 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Елімізде тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты
Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі Таушық ауылын «алкогольсіз ауылға» айналдыруды ұсынды. Бүгінде Таушық ауылында 3 363 тұрғын тіркелген. Ауыл тұрғындарына 1 амбулатория, 2 жеке медицина орталығы қызмет көрсетеді. 3 балабақша 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерге мектепке дейінгі тәрбие беруде. Бүгінде балаларды балабақшамен қамту 100%-ды құрайды. Жалпы білім беретін Шахта мектебінде 2024-2025 оқу жылын 722 оқушы бастады.