7 тамыз 2024
/ Sport
Назым Қызайбайдың ата-анасы: қызымыздан жеңіс күтеміз
Париж қаласында Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшы Ву Ю мен жұдырықтасады. Отандасымыздың жекпе-жегін ата-анасы мен туыстары мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінде тамашалайды. Назым Қызайбайдың ата-анасы толқып отыр. Қайта-қайта сағатқа қарап, қыздары үшін уайымдауда. «Қызыма жеңіс тілеймін. Арманы орындалсын. Қызымнан жеңіс күтемін. Олимпиада ойындарына қатысу үшін көп еңбек етті. Сол еңбегі ақталады деген ойдамын»,- деді Назымның әкесі Абай Қызайбай.