27 қыркүйек 2024
/ Евразия
Қырғызстан ең ірі титомагнетит кен орнын игеруді бастады
Қырғызстан ең ірі титомагнетит кен орнын игеруді бастады. Республика Министрлер кабинетінің басшысы кен орнын игеру халықаралық экологиялық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті. Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаров елдегі ең ірі титомагнетит кен орны – Ыстықкөл облысында орналасқан Қызыл-Омполды игерудің басталуын білдіретін капсула салу рәсіміне қатысты.