3 мамыр 2024
/ Новости Казахстана
Мүгедектігі бар адамдарды қолдауға арналған ұсынымдар топтамасы әзірленді
Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысы мүгедектігі бар адамдарды медициналық, еңбек және әлеуметтік оңалту мәселелеріне арналды. Іс-шара барысында сенаторлар мемлекеттік органдардың және сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен бірге аталған санаттағы азаматтарды қолдауға арналған ұсынымдар топтамасын әзірледі. Сондай-ақ оларды ары қарай іске асыру мәселелерін талқылады.