2 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Сарбаз жерленген жерден 81 жылдан соң бір уыс топырақ әкелінді
Хабарсыз кеткен қызыл әскер сарбазы Әлішер Қызынбаев 1943 жылы Курск облысының Белгород ауданында қаза тауып, бауырластар қабіріне жерленген екен. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болғандай, елордадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жауынгердің туған-туыстарына жерлеу орнынан әкелінген бір уыс топырақты табыстау рәсімі өтті.