25 шілде 2024
/ Новости Казахстана
Түркістан облысында қайтыс болған жігіттің ағзасы 4 науқасқа салынады
Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донорға ота жасалды. Қайтыс болған жігіттің ағзасы Шымкент, Астана, Алматы қаласындағы 4 науқасқа бөліп берілмек. Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері жол апатынан кейін медициналық мекемеге ауыр халде жеткізіліп, қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасын төрт науқасқа хирургиялық жолмен бөліп берді.