11 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Қазақстан мен Түрікменстан Трансауған дәлізін салады
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Президенттің ресми сапары аясында бүгін Ашхабадта қол қойылған көлік саласына қатысты үкіметаралық келісімшарттар туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысының ресми сапары аясында көлік саласында 4 құжатқа, 2 меморандум және 2 үкіметаралық келісімге қол қойылды. «Екі меморандумның бірі – Қазақстан және Түрікменстан аумағы арқылы әрі қарай Ауғанстанға қарай темір жол салу мәселесі, Трансауған арнайы көлік дәлізін салу. Екіншісі – Қазақстанның ашық аспан қағидасын қолдана отырып, Қазақстан мен Түрікменстан арасында тікелей әуе қатынасын ұйымдастыру», - деді М. Қарабаев.