Сегодня, 16:35
/ Новости Казахстана
Түркі мемлекеттері ұйымының Орталық банктер кеңесі құрылады
Түркі мемлекеттері ұйымының Орталық банктер кеңесі құрылады. Бұл туралы бүгін Бішкекте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. Мемлекет басшысы сөзінде ұйымға мүше елдер арасында қаржы-инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажет екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, бұл бағытта Түркі инвестициялық қоры ерекше рөл атқарып келеді. Сонымен қатар Президент тараптардың Орталық банктер кеңесін құру туралы бастаманы бірауыздан құптағанын жеткізді.