13 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Үрімжіден велосипедпен жолға шыққан қазақ қызы Астанаға жақындап қалды
Қытайдың Үрімжі қаласынан велосипедпен жолға шыққан Бүрлен есімді 20 жастағы қазақ қызы 2 000 шақырымынан астам жолды артқа тастап, Елордаға жақындап қалды. Бүрлен Әділетқызы Шынжаң өлкесі, Дөрбілжін ауданының тумасы. Ол Қазақстан – Қытай арасындағы ынтымақтастықты қолдау мақсатында сапарға шыққан. Қазір Қарағанды облысының аумағында жүр. Ертең Астанаға жетіп, «Бәйтерек» монументінің жанында сапарына нүкте қоюды жоспарлап отыр.