12 тамыз 2024
/ Sport
Өзбекстан Парижде Олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді
Олимпиада ойындарында Өзбекстан құрамасы тарихи жүлделеріне қол жеткізді. Олар Париж төрінен 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алып, жалпы медальдар кестесінде 13-орынға қол жеткізді. Бұл –Өзбекстан құрамасындағы сегіз алтынның бесеуін боксшылар жеңіп алса, қалған үшеуін дзюдо, еркін күрес және таэквондодан сынға түскен спортшылар еншіледі. Алтынды бокстан Хасанбой Дусматов, Асадхуджа Муйдинхужаев, Лазизбек Муллажонов, Абдумалик Халоков, және аса ауыр салмақта Баходир Жалолов жеңіп алды.