Велосипед

Велосипед - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Велосипед】 жаңалықтар Arbat media
13 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Үрімжіден велосипедпен жолға шыққан қазақ қызы Астанаға жақындап қалды

Қытайдың Үрімжі қаласынан велосипедпен жолға шыққан Бүрлен есімді 20 жастағы қазақ қызы 2 000 шақырымынан астам жолды артқа тастап, Елордаға жақындап қалды.  Бүрлен Әділетқызы Шынжаң өлкесі, Дөрбілжін ауданының тумасы. Ол Қазақстан – Қытай арасындағы ынтымақтастықты қолдау мақсатында сапарға шыққан. Қазір Қарағанды облысының аумағында жүр. Ертең Астанаға жетіп, «Бәйтерек» монументінің жанында сапарына нүкте қоюды жоспарлап отыр. 

3 маусым 2024 / Новости Казахстана

Астанада бір күнде бес велосипедті қолды қылған

Астанада бір күнде бес велосипед ұрлап, сатып жіберген жасөспірімдер анықталды. Алматы ауданы ПБ жедел уәкілдері жедел іздестіру іс-шаралары барысында велосипедтерді ұрлап сатумен айналысқан 14 және 15 жастағы кәмелетке толмаған екі баланы анықтады.

6 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Бурабайда велосипедпен ағашға соғылған турист бала көз жұмды

Бурабайда курортына саяхатқа келген астаналық жасөспірім оқыс оқиғадан қайтыс болды. Ақмола облысы ПД кәмелет жасына толмаған баланың қайтыс болғанын растады. Қазіргі кезде осы дерек бойынша іс қозғалған.