13 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Шығыс Қазақстанда халықаралық бүркітшілер фестивалі мәресіне жетті
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында орналасқан Бүркіт төбе алаңында дәстүрлі халықаралық «Шығыс Салбұрыны» бүркітшілер фестивалі өтті. Екі күнге созылған фестивальде әлемнің бірнеше елінен келген құсбегілер сайысқа түсті. Атап айтқанда, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Мажарстаннан қатысушылар шақырылған. ШҚО туризм және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл шараны өткізудегі негізгі мақсат - қазақ халқының бай мәдени мұрасын жандандырып, ұлттық спорт пен құндылықтарды дәріптеу арқылы саламатты өмір салтын насихаттау,.