1 қараша 2024
/ Евразия
Өзбекстан мен Жапония бірлескен халықаралық жоғары оқу орнын құруға келісті
Өзбекстанда жапондық білім беру бағдарламасы негізінде жаңа университет ашылады. Болашақ университеттің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін екі елдің өкілдерінен бірлескен жұмыс тобы құрылады. Өзбекстан мен Жапония бірлескен халықаралық жоғары оқу орнын құруға келісті. Жаңа университеттің оқу бағдарламасы жапондық стандартпен құрастырылады.