2 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Екі мың жыл бұрынғы қаңлы ғибадатханасы мен жәдігерлер табылды
Орталық музейдің археология бөлімінің мамандары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қызылкөл ауылы маңында орналасқан археологиялық ескерткіште далалық зерттеу жұмыстарын аяқтады. Зерттеу объектісі Қызылкөл тарихи-мәдени нысанда орналасқан ғибадатхана және екі қорған болды. Нәтижесінде қаңлы мәдениетіне қатысты, б.з.д. ІІ ғасырға жататын бірегей артефактілер табылды.