14 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Өңірлерде пәтерді жалға алу бағасы қанша
Еліміздегі 20 млн-нан астам адамның тек 9,5 млн-ында өз үйі бар. Сондықтанда пәтер жалдау бағасы Қазақстан азаматтарының тең жартысынан астамы үшін өзекті сауал. Әр өңірде пәтерді қаншаға жалға алуға болады? Ұлттық статистика басқармасының мәліметіне сүйенсек, қыркүйек айында ел бойынша жалға берілетін тұрғын үйдің орташа бағасы 1,5%-ға қымбаттады. Баға әсіресе Өскемен мен Қарағандыда күрт өскен. Бұл екі аймақта пәтер жалдау бағасы 5 пайызға қымбаттап отыр. Үшінші орынға Көкшетау қаласы (4,8%) орын тепкен. Сондай-ақ Талдықорған қаласында да пәтер жалдайтындардың қалтасына түсер салмақ біршама ауырлаған (4,2%).