жамбы ату

жамбы ату - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【жамбы ату】 жаңалықтар Arbat media
8 қыркүйек 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойыны: Жамбы атудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күні жамбы атудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің Мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салады. Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысады деп күтілуде. 

13 тамыз 2024 / Новости Казахстана

Көшпенділер ойындарында жамбы атудан үздіктер анықталды

V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудан ел намысын қорғайтын үздіктер анықталды. Қатарында Азия мен әлем чемпионаты жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Ұлттық құрама сапындағы үздік төрттікті Олимпиадалық даярлау орталығы жасақтады. Еліміздің үздік 10 жамбы атушысы іріктеуде байрақты додаға тікелей жолдама беретін үш орынды сарапқа салды. Әр өңірден келген мергендер «Мажар», «Азия», «Түркі», «Жамбы» стилі бойынша бақ сынаған. Жалпы есептің қорытындысы бойынша түркістандық Айтбек Сарыбай мен Ералхан Айкөз және алматылық Абзал Тұлыбеков іріктеуден іркілмей өтіп жолдамаға қол жеткізді.