19 қыркүйек 2024
/ Мир
Ливанда тағы да жарылыстар болып, 9 адам көз жұмды
Ливанда пейджерлер жарылып, адамдар зардап шеккен күннің ертеңіне тағы да жарылыстар болып, 9 адам көз жұмды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі Ливанның аймақтарында бірнеше жарылыс болған. Соның салдарынан кемінде 9 адам мерт болып, 300 адам жарақат алған. Бұл «Хезболла» мүшелері ұстап жүрген пейджерлер жарылып, 12 адам мерт болғаннан, мыңдаған адам жарақат алған күннің ертеңіне болған оқиға. Ливан топтары кемінде 200 адамның өміріне қауіп төндірген бұл әрекетке Израильді кінәлап, енді олардан кек аламыз деп отыр. Израиль тарапы бұл жағдайға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.