24 шілде 2024
/ Новости Казахстана
"45 млн пара". Петропавлдағы ірі зауыттың басшысы сотталды
Петропавл ауыр машина жасау зауытының бұрынғы бас директорына қатысты үкім шықты. Ол аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін 11 жылға сотталды. Аталған қылмыстық істі Қаржылық мониторинг агенттігі тергеген. Тергеу нәтижесінде 2022 жылы зауыт Қорғаныс министрлігінен әскери техниканы жөндеуге тапсырыс алғаны анықталды. Тапсырысты орындау кезінде жеке кәсіпкер жалпы сомасы 283,3 млн теңгеге қосалқы бөлшектер жеткізуге шарт жасасқан.