16 қыркүйек 2024
/ Новости Казахстана
Жас ғалым бидайды жылдам селекциялау әдісін зерттеп жатыр
Жетісу университетінің ғалымы Қанат Ермекбаев Орталық Азия мемлекеттерінде шығарылған бидайдың генетикалық кодын анықтап, жылдам селекциялау жолдарын зерттеп жатыр. Ол ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінен 2024-2026 жылдары қаржыландырылатын «Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу» тақырыбында грант иеленді.Жас ғалым осы жоба аясында Орталық Азия бидайының толық геномдық генетикалық (Whole Genome Sequencing) мағлұматтарын алып, зерттей бастады.