30 тамыз 2024
/ Новости Казахстана
Астанада жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі
Астанада қарбалас уақытта жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілуі мүмкін. Қала әкімі Жеңіс Қасымбек ҚР Көлік министрлігінің, қала полициясының, тасымалдаушы компаниялардың және құрылыс компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде жүк көліктерінің салмағын бақылау шаралары талқыланып, қарбалас уақытта ауыр және ірі көлемді көлік құралдарының қозғалысына шектеулер енгізу жоспарланып отырғаны айтылды,.