21 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Зиянды еңбек жағдайында ұзақ жұмыс істегендерге төлем тағайындалды
Биыл зиян еңбек жағдайларында ұзақ жұмыс істеген 11 814 азаматқа арнаулы әлеуметтік төлем (АӘТ) тағайындалды. Оеы тағайындауға жалпы 12 530 адам өтініш білдірген. Екі жерден төленетін арнаулы әлеуметтік төлемге (республикалық бюджет және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) 3 077 адам жүгінді, оның ішінде 2 963 адамға тағайындалды. Төрт қаржыландыру көзінен берілетін АӘТ (республикалық бюджет, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, жұмыс беруші және өмірді сақтандыру ұйымы) тағайындауға 8 928 адам өтініш білдіріп, оның 8 851-іне тағайындалған.