30 қазан 2024
/ Новости Казахстана
Қазақстанда мүгедектігі бар 700 мыңнан аса адам тұрады
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 732,1 мың адам тұрады. Ол халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды, олардың 381,3 мыңы еңбекке қабілетті жастар. ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, жұмысшылардың жалпы санының 2-ден 4 %-на дейін (жалдамалы жұмыскерлердің жалпы саны кемінде 50 адам болған кезде) көлемде жұмыс орындарына квота белгілейді. Ағымдағы жылдың тоғыз айына квота шеңберінде мүгедектігі бар 5,4 мың адам жұмысқа орналастырылды.