
11 маусым 2024
/ Новости Казахстана
Асқар Жұмаділдаев басқаратын «Әл-Жәбрдің атасы» журналы өзбекше жарық көрді
Қазақстанда шығатын математика бағытындағы «Әл-Жәбрдің атасы» ғылыми-танымдық журналы өзбек тілінде жарық көрді. «Әл-Жәбрдің атасы» журналы былтыр қараша айында Қазақстанда жарыққа шықты. Оның бас редакторы — танымал математик, ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев.