Қазақстан жаңалықтары29 ақпан 2024, 10:00

"1 сағатқа кері жылжу". Хронобиология маманы қарсы уәж келтірді

1 наурызда сағат тілі 1 сағатқа кері жылжып, бүкіл ел бойынша бірыңғай уақыт белдеуі болады. Қолданбалы хронобиология маманы Болат Нұрхожаев бұған қарсы және уәж келтірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media телеграм арнасы жазады.

“Хронобиология ғылымы адам, жер бетіндегі бар тіршілік иесінің денсаулығы, тұрмыс-тіршілігі, тіпті гендік, молекулярлық деңгейдегі адам ағзасының тазалануы, еңбекке қабілеттік, ой, интеллект, білім, сауаттылық, тіпті мінез-құлық, қоғамдық қарым-қатынастарға әсерін зерттейтін, медицина, геронтология, молекулярлы биология, биохимия, биофизика, медицина, жалпы барлық ғылымды, оның ішінде дін ғылымын да қоса қамтиды. Себебі жер бетіндегі бар тіршілік иесі жердің 24 сағат шамасында өз осін бір айналуы, күнді жылына бір айналуы, айдың жерді айына бір айналу процестері ықпалымен эволюциялық қалыптасқан және ең бастысы соған бейімделген”.

Болат Нұрхожаев уақыт белдеуі хронобиология қарсы уәж

Тақырыпқа жаңалықтар