Placeholder
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары16 қыркүйек 2024, 17:06

22 талапкер Ғылым министрлігіне қарсы арыз берген

Жоғары балл жинағанымен мемлекеттік білім грантына ие бола алмаған 22 талапкер Ғылым министрлігіне қарсы арыз берген. Бұл туралы Ақордада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ғылым және жоғары білім министрлігіне 22 арыз түсті. Бірінші азаматтың арызы соттың шешімімен бірден қайтарылды. Неге десеңіз, талапкер мемлекетті гранттың иесі. Жалпы, іс өз-өзінен тоқтатылды. Қазіргі таңда Астана әкімшілік сотында белсенді тек бір іс қарастырылып жатыр. 19 қыркүйек күні соттың бірінші отырысы өтеді. Алайда, сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің де, мемлекеттің де грантын алған. Енді тек соттың шешімімін күтеміз», – деді ол, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

Сонымен қатар министр елімізді мемлекеттік білім гранттарын бөлу тетігі ашық екендігін баса айтты.

Ғылым министрлігі 22 талапкер Арыз

Тақырыпқа жаңалықтар