Қазақстан жаңалықтары13 шілде 2024, 11:12

15 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды

Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды. Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 15 шілдеде «Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростар мен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек бағаны белгілеу туралы» өзгертілген бұйрық күшіне енеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 (жиырма) папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге көлемінде баға белгіленеді», делінген хабарламада.

шілдеден темекі қымбаттау

Тақырыпқа жаңалықтар