Қазақстан жаңалықтары18 маусым 2024, 20:44

Аида Балаева киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерге пікір білдірді

ЛГБТ өкілдерінің киіз үйде жартылай жалаңаш билеген видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Қасиетті қара шаңырақты бейәдеп қылығымен масқаралағандардың әрекеті желі қолданушыларының ашуын келтірді. Бүгін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева осы бейне жазбаға қатысты Facebook парақшасында пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Құрметті достар! Өздеріңізге мәлім, Ата заңымызда барлық азаматтың құқығы тең, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге кепілдік берілген. БАҚ пен әлеуметтік желілердің маңызы арта түскен қазіргі кезде қандай контент жасалып, бөлісіліп жатқанына ерекше мұқият болуымыз керек. Адамдардың көңіліне қаяу салып, мәдени және ұлттық болмысымызға сызат түсіретін жазбалар мен бейнероликтерге жол берілмейді», - деп жазды министр.

Аида Балаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрі ретінде киіз үйде би билеп, бейәдеп әрекетімен қоғам назарын аудартқан бейнеролик туралы айтқысы келетінін жазды.

«Мұндай контент қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін. Арандатушылыққа да ұрындыруы ықтимал. Әрине, өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді.Тағы бір мәселе өте маңызды. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар дәстүрлі құндылықтарымызды сақтау мен насихаттауда ерекше жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық құндылықтардан бас тарту мәдениетімізге, салт-дәстүрімізге және әдет-ғұрыптарымызға қашан да қауіп төндіреді. Ал бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың мызғымас негізін сақтау — ортақ парызымыз», - деп жазды Аида Балаева.

Ол сондай-ақ, медиа-процессте жүрген барша адамдарды контент жасауда мұқият болуға шақырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрбек Бекбау (@nurbek_bekbau)

«Кез келген шығармашылық жұмыста ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды құрметтеуге басымдық таныту керек. Жұдырықтай жұмылып, бірлесе жұмыс істеп қана халқымыздың басын біріктіріп, бөлшектеуге болмайтын бай мәдени мұрамызды сақтап қала аламыз», - деді ол.

Киіз үй аида балаева пікір білдірді ЛГБТ

Тақырыпқа жаңалықтар