Placeholder
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
Аида Балаева
Қазақстан жаңалықтары30 маусым 2024, 19:58

Аида Балаеваның атынан жалған хабарлама тарады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін хабарлайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мұндай хабарламалар алаяқардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары арқылы жібермейді. Сіздерден абай болуды және хатқа жауап бермеуді сұраймыз», — делінген хабарламада, - деп жазады Kazinform агенттігі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламалар алған жағдайда төмендегідей әрекет етуді ұсынады:

1. Келген хатты елемеу, хатқа жауап бермеу.

2. Алаяқтық фактісі туралы құқық қорғау органдарына хабарлау.

«Азаматтардың мүддесін қорғау — біздің басты міндетіміз. Біз алаяқтық әрекеттерін болдырмауға және кінәлілерді жауапқа тартуға бар күшімізді саламыз», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

аида балаева Алаяқтық жалған хабарлама

Тақырыпқа жаңалықтар