Қазақстан жаңалықтары3 сәуір 2024, 10:34

Әкімдіктерге су тасқыны болатынын ескерткенбіз - «Қазгидромет» директоры

Синоптиктер су басуы мүмкін аймақтар туралы ақпаратты жергілкті атқарушы органдарга алдын ала жіберген. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Данара Әлімбаеваның айтуынша, Ақтөбе облысы бойынша су деңгейінің көтерілуі ықтимал.

«Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында су деңгейінің көтерілуі байқалып отыр. Аптаның соңына қарай Батыс Қазақстан облысында су деңгейі тағы көтеріледі», деді «Қазгидромет» директоры.

Динара Әлімбаеваның айтуынша, синоптиктер көктемде су басуы мүмкін аймақтар туралы алдын ала ақпарат ұсынған.

«Желтоқсан айынан бастап біз су тасқыны қаупі бар аймақтарға Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары жататынын хабарлаған едік. Бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдарға жіберілді. Сонымен қатар наурыз айынан бастап елдің бірқатар өңірінде дауыл соғатынын да ескертіп отырмыз», деді ведомство басшысы.

 

«Қазгидромет» директоры Су тасқыны ескерту әкімдіктер

Тақырыпқа жаңалықтар