РФ: Қорғаныс министрлігі шенеуніктеріне қатысты тағы бір жемқорлық іс қозғалды
Фото: AP Photo/picture alliance
picture alliance
Әлем17 қыркүйек 2024, 16:34

РФ: Қорғаныс министрлігі шенеуніктеріне қатысты тағы бір жемқорлық іс қозғалды

Ресейдің Тергеу комитеті Қорғаныс министрлігінің шенеуніктеріне қатысты тағы бір сыбайлас жемқорлық ісін қозғады. Қорғаныс министрлігінің 4924-ші әскери өкілдігінің басшысы Иван Популовский мен оның қарамағындағы Григорий Зоринге қатысты аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Ресейдің Тергеу комитеті. Тергеу мәліметтері бойынша, Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін электр өнімдері мен кабельдерді жеткізу бойынша мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын екі ұйым өнімге бақылауды әлсірету және басқа да жеңілдіктер алу үшін лауазымды тұлғалармен сөз байласуға келген. Келісімшарттардың жалпы сомасы 1,2 миллиард рубльді құрады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тергеу комитеті 2021 жылдан 2024 жылға дейін Популовский мен Зорин жеткізушілерден 11 миллион рубльден астам ақша алған;

Қазір тергеушілер олардың осыған ұқсас қылмыстарға, соның ішінде мемлекеттік қорғаныс тапсырмаларына қатысты қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр, делінген хабарламада.

Ресей Федерациясының Украинаға қарсы жалғасып жатқан соғысы аясында соңғы айларда Ресейде Қорғаныс министрлігінің шенеуніктері мен Ресей қарулы күштері Бас штабының өкілдеріне қатысты бірқатар істер қозғалды.

Ресей тергеу комитеті орғаныс министрлігі Жемқорлық

Тақырыпқа жаңалықтар