Қазақстан жаңалықтары14 ақпан 2024, 21:13

Al Jazeera – Президент Телерадиокешенінің жаңа серіктесі

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапары аясында Президент Телерадиокешені Қатар медиа саласының көшбасшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Al Jazeera және «Qatar News Agency» ақпарат агенттігі Президент телерадиокешенінің серіктестері болды.

Арабтың медиа кеңістігінде танымал көшбасшы және әлемдік беделді БАҚ-тың бірі «Al Jazeera» халықаралық телеарнасымен және «Qatar News Agency» агенттігімен ынтымақтастық кәсіби тәжірибе алмасуға және жаһандық ақпарат кеңістігінде Қазақстан туралы ақпарат көлемінің өсуіне ықпал етеді.

ТРК-ның катарлық әріптестерімен бірлескен жобалары оқырмандар мен телекөрермендерге біздің елдеріміз туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ тілшілерді Қазақстан медиа саласының беталыстары мен трендтеріне сәйкес дайындауды қамтамасыз ететін білім беру және ақпараттық салаларға бағытталған.

Президент ТРК директоры Раушан Қажыбаеваның айтуынша, «тараптар бірқатар бірлескен жобаларды, соның ішінде «Al Jazeera-мен апталық» өткізуді жоспарлаған, оның аясында Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev University халықаралық журналистика мектебінің 100-ден астам студенті үшін бір апталық тренинг өтеді.

Al Jazeera Президент телерадиокешені жаңа серіктес

Тақырыпқа жаңалықтар