Қазақстан жаңалықтары9 желтоқсан 2023, 8:00

Әлеужеліде танысқан қызды үйге алдап әкеліп несие рәсімдеуге мәжбүрлеген

Шымкент қаласының тұрғынын әлеуметтік желі арқылы танысқан адам несие рәсімдеуге мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі жария етті. 

Полиция департаментінің қызметкерлері күдіктіні ұзатпай қолға түсірді.

Күдікті интернет арқылы танысып, сөйлескен қызды «тосын сый  тарту етемін» деп көзін байлап пәтерге әкелген.

Артынша пышақ тақап, қорқыту арқылы несие рәсімдеуге мәжбүрлеген. 

Қаскөй  несие қаражатын өзінің есепшотына аудартып қашып кеткен.

Орал қаласынан жұмыс істеу мақсатында келген күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шымкент әлеуметтік желі Таныстық Несие

Тақырыпқа жаңалықтар