Қазақстан жаңалықтары13 сәуір 2024, 16:46

Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Внуково-Алматы бағытындағы рейс ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ер адамға 2023 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы құрамдарға, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

мемлекетаралық іздеу Қылмыскер Алматы Әуежай

Тақырыпқа жаңалықтар