Қазақстан жаңалықтары18 сәуір 2024, 7:23

Алматы облысында елді пышақпен қорқытқан ер адам ұсталды

Алматы облысы Қарасай ауданында қолында пышағы бар ер адам жергілікті тұрғындарды қорқытқан. Әлеуметтік желіге шыққан видеода ер адамның үстінен біренше рет арыз жазылса да, еш нәтиже бермегенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы облысының полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады деп жазады Kazinform агенттігі. 

«15 сәуір күні Қарасай ауданының полициясына 54 жастағы Кемерторған ауылының тұрғыны беймәлім ер адамның дүкен мен аулада тұрғын көліктің терезесін сындырғанын айтып, шағымданды. Аудандық полицияның учаскелік инспекторлары 1987 жылы туған ер адамды анықтап, ұстады. Аталған дерек бойынша бұзақылық белгілері аясында қылмыстық іс қозғалды» деп хабарлады полиция.

Оқиғаны тергеудің жан-жақтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қарасай ауданы ер адам ұсталды Пышақ

Тақырыпқа жаңалықтар