Қазақстан жаңалықтары14 қазан 2023, 12:58

Алматыда ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Алматыдағы емханалардың бірінде ер адам бұрынғы әйеліне он шақты рет пышақ сұққан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сұмдық оқиға бұқаралық ақпарат құралдарында тарады.

Алматыдағы емхананың темекі шегетін бөлмесінде бұрынғы күйеуі әйелліне тап беріп, 8-10 мәрте пышақтаған.

Алматы полиция департаменті аталған деректі растады.

Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы (қылмысқа оқталу) және 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша тергеп жатыр.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті тергеу шаралары жүріп жатыр.

Алматы Емхана бұрынғы әйелі Пышақтау

Тақырыпқа жаңалықтар