Қазақстан жаңалықтары11 маусым 2024, 9:00

Алматыда көкжөтелмен ауырғандар көбейген

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, мегаполисте 5 айда екпе алмаған 14 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтелдің 62 расталған жағдайы тіркелген. Сондай-ақ науқастармен байланыста болған 334 адам тексерілді, олар індет жұқтырмаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы аталған ауру ауа арқылы тарайтыныны айтты.

— Көкжөтел — Bordetella pertussis таяқшасынан туындаған, құсумен және қалың тұтқыр қақырықты бөлумен сипатталатын қалшылдатқан жөтелдің ерекше шабуылдарымен сипатталатын жедел респираторлық бактериялық жұқпа. Көкжөтелдің қоздырғышы ауа тамшыларымен науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде таралады, — деді ол.

Сондай-ақ СЭБ басшысы көкжөтелдің асқынуы өкпенің қабынуы (пневмония), мидың зақымдануы сияқты ауруларға алып келуі мүмкін екенін атап өтті.

Оның айтуынша, ауру әсіресе бірнеше айлық сәбилерге ауыр соғады.

— Біріншіден, балада қарапайым суықтың белгілері пайда болады: мұрынның ағуы, безгек, қалыпты жөтел. Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстамалы жөтелге айналады. Осы әлсірететін жөтел ұстамасы кезінде мидың қан айналымы бұзылады, оттегі ашығуы нәтижесінде психиканың бұзылуы және әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі пайда болады. Көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі — вакцинация, — деді Қасымхан Алпысбайұлы.

Айта кеткен жөн, СЭБ департаменті тарапынан аурудың белгілері пайда болған кезде мынандай кеңес беріледі:

— уақтылы медициналық көмекке жүгіну, өзін-өзі емдемеу, тек дәрігердің нұсқауы бойынша ем қабылдау;— бөлмені жиі желдетіп, дымқыл тазалау жүргізу;— жөтелген кезде ауызды жабу, қолды жиі жуу;— ата-аналарға науқас балаларды ұйымдасқан ұжымдарға, мектеп пен балабақшаға жібермеу.

Алматы коклюш көкжөтел

Тақырыпқа жаңалықтар