Placeholder
ФОТО: КТК
КТК
Қазақстан жаңалықтары20 қыркүйек 2024, 9:12

16 жастағы қызды секс-құлдыққа тартып, есірткіге тәуелді еткендер тергеліп жатыр

Қызылордада 16 жастағы қызды тәнін сатуға мәжбүрлеп, зорлық-зомбылық көрсеткен 13 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 11-і қамауға алынса, қалған екеуі үйқамақта. Ұсталғандардың ішінде қызбен төсектес болғандар да, сұмдық әрекетке итермелегендер де бар. Өрімдей қызды секс-құлдыққа тартып, есірткіге тәуелді қылғандардың әрқайсы қазір тергеліп жатыр дейді ІІМ , - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жазады.

Игорь Лепеха, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

— Бұл істе 13 фигурант анықталды, олардың 11-і қамауға алынды. Екеуі үйқамақта. Бірқатар баппен қылмыстық іс қозғалды. Бұдан артық түсініктеме бере алмаймын, өйткені қылмыстық іс аясында бұл тергеушінің құзыретінде болмақ.

Қызылорда Есірткі Зорлық 16 жастағы қыз

Тақырыпқа жаңалықтар