Placeholder
Фото: Видеодан алынған кадр
beyne ékran
Қазақстан жаңалықтары31 тамыз 2024, 9:00

Алматыда үлкен қойма өртенді

Алматыдағы Алатау ауданында үлкен қойма өртке оранды. ТЖМ таратқан дерекке қарағанда, тілсіз жау ғимараттың қасбетінен шыққан. Құтқарушылар өртті бірнеше сағат бойы сөндірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Сөндіру жұмысы қойма ішіндегі пластикалық бұйымдардың тығыз жүктелуімен және түтіннің жоғары қоюлығымен қиынға соққанымен, өрт 400 шаршы метр алаңда оқшауланды», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Содан соң ТЖМ жалынның толығымен сөндірілгенін хабарлады. Өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ.

Өрттің себебі анықталуда, зардап шеккендер де анықталмады.

ТЖМ кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Алматы қойма Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар