Қазақстан жаңалықтары17 мамыр 2024, 10:02

Алматыда жаңа туристік ақпараттық орталық ашылды

Алматыда туристерге арналған тоғызыншы ақпараттық орталық ашылды. Жаңа орталық 10:00-20:00 аралығында адамдарды қабылдайтын болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Туристік орталық Достық даңғылы-Оспанова көшелерінің қиылысында орналасқан. Ақпараттық орталықтың бірден-бір ерекшелігі — ғимарат іші 1960-80 жылдардың суретшілері Молдахмет Кенбаев пен монументалист Николай Цивчинский жасаған қабырғадағы әсем мозаикалық өрнекпен безендірілген.

«Бұл кәсіби кеңес пен мегаполистегі көрікті жерлер туралы ақпарат алуға болатын, жаңадан ашылған тоғызыншы ақпараттық орталық. Және де туристерге ыңғайлы болуы үшін қажетті карталар, атлас пен маршруттар қамтамасыз етілген. Ақпараттық орталық Тереңқұрдың соңғы аялдамасы мен Оспанов көшесінде басталатын Орталық Азиядағы ең үлкен граффити қабырғаның жанында орналасқан», — деді Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

 

Алматы туризм ақпараттық орталық

Тақырыпқа жаңалықтар