Қазақстан жаңалықтары3 қазан 2023, 15:30

Алматыда жанармай тиелген жүк көлігі отқа оранды

Алматыда жанармай тиелген жүк көлігі отқа оранды, - деп хабарлайды Arbat.media.

 Жүргізуші жанармай құю станциясынан көлікті қауіпсіз орынға сүйреп үлгерген.

Түскі сағат 11:14-те шыққан өрт туралы Алматы төтенше жағдайлар департаменті былай деп жеткізді:

Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне Түрксіб ауданы Бұрындай көшесі, 79 В үйдің жаныда өрт шыққаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер құрамында 13 адам, 2 техникамен оқиға орнына жеткенде ГАЗ 47-532 112 жүк автокөлігі ашық жалынмен жанып жатты.

Жанған автокөліктің жүргізушісі жанармай құю станциясынан көлікті қауіпсіз орынға сүйреп үлгерген. Өрт сөндірушілер жанып жатқан көліктен сегіз бөшкені эвакуациялады, оның үшеуі жанармайға толы болған.

Өрт сөндіруге және қызған құрылымдарды салқындатуға құрамында көбігі бар өрт оқпандарын енгізіп, қызыл жалын 11:35-те сөндірілді.

Алматы жүк көлігі Өрт Жанармай

Тақырыпқа жаңалықтар