Қазақстан жаңалықтары15 наурыз 2024, 12:00

Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат бұзылды

Алматыдағы Қыдырбеков көшесі, 41 мекенжайдағы екі қабатты ғимарат бұзылды. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, меншік иесі рұқсат құжаттарын ұсынбастан құрылыс жүргізген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«2023 жылдың 27 наурызында басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылдап, бұзушылықтарды жоюға нұсқама берді. Меншік иесі нұсқаманы орындамағандықтан, өткен жылдың 25 маусымында Алматының Наурызбай аудандық сотына осы ғимаратты бұзуға талап арыз түсірді. Сол жылдың 30 қазанында бұзу туралы талап қанағаттандырылды», - деп хабарлады басқармадан.

Сот шешімін орындау үшін бұрын меншік иесі нысанды өз бетінше бөлшектеуді бастаған, бүгін сот орындаушыларының қатысуымен күрделі құрылымдарды бұзылды.

Алматы заңсызх құрылыс ғимарат бұзу

Тақырыпқа жаңалықтар