Қазақстан жаңалықтары7 желтоқсан 2023, 13:34

Алматыда жоғалған ер адамның денесі табылды

Алматыда жоғалған ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Полицейлер 29 қарашада үйінен шығып, оралмаған із-түзсіз жоғалған Тимур Поповтың денесін тапты.

«7 желтоқсан күні сағат 11.00-де полиция қызметкерлері оның әйеліне телефоннан SOS сигналы түскен жерден 1,5 шақырым жерде орналасқан Талғарқа өзенінің арнасына тексеру жүргізді. Жоғалған ер адамның денесі судан табылды», - делінген Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

 

Тимур Попов Жоғалған адам табылды мәйіт

Тақырыпқа жаңалықтар